Көкшетауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды

0
783

Оператор қаза тапты.


Көкшетауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды

ERNUR.KZ. Көкшетауда жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болып, 35 жастағы оператор көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін 16 ақпанда Көкшетау қаласының Солтүстік индустриялық аймағындағы «Qazaqoil» жанар-жағармай құю стансасының аумағында болған.

Жанармай тасымалдайтын екі цистерна жанып кетті.

«Өрт 11:05-те оқшауланып, 20 минут ішінде толық жойылды. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жанармай құю бекетінің операторы 1988 жылғы ер адам қаза тапты. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді ведомстводан.