Көкшетауда жатақханадан өрт шығып, 40 адам құтқарылды

0
779

Өрттен зардап шеккендер болған жоқ.


Көкшетауда жатақханадан өрт шығып, 40 адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Көкшетауда бес қабатты жатақхана үйінде өрт шығып, 40 адам құтқарылды. Олардың 25-і балалар болған. Өрттен зардап шеккендер болған жоқ, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД-ның 27 қызметкері мен 8 техника жұмылдырылған.

«Өрт 20 минут ішінде толықтай сөндірілді. Өрттің бірінші қабаттағы бөлмелердің бірінен басталғаны анықталды. Онда үй иелерінің киімдері мен жиһазы өртенген. Құтқарушылар барлық бөлмені тексеріп шықты. Кешкі уақыт болғандықтан, адамдар түтін иісін сезгендіктен сыртқа шығып үлгеріпті. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - дейді Көкшетау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.

Төтенше жағдайлар департаметі көп жағдайда өрт қауіпсіздік ержелерін сақтамау салдарынан шығатынын хабарлады.