Көкшетаулық 4 сынып оқушысы «Голдберг машинасын» құрастырып шығарды (видео)

0
1 165

Голдберг машинасы» домино қағидасы бойынша әр бөлшегі бір бірімен әрекеттесе отырып жұмыс істейтін құрылғы.


Көкшетаулық 4 сынып оқушысы «Голдберг машинасын» құрастырып шығарды (видео)

ERNUR.KZ. Көкшетауда төртінші сынып оқушысы әкесімен бірге «Голдберг машинасын» құрастырып шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.

Көкшетау қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» НИМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өнертапқыш бірінші орын алып, 150 мың теңгеге ие болды.

Көкшетау қаласындағы физико-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің төртінші сынып оқушысы Алидар Ескендіров «Голдберг машинасы» желілік отбасылық байқауында бірінші орын иеленді.


«Голдберг машинасы» домино қағидасы бойынша әр бөлшегі бір бірімен әрекеттесе отырып жұмыс істейтін құрылғы. Бұны көбіне инженерлер мен әуесқойлар ермек етеді, сондай – ақ, балалар фильмі мен комедияда кездеседі», – дейді ведомстводан.


Байқауға қатысу үшін Ескендіровтердің отбасына «Қолды дизенфециялау – денсаулық кепілі» тақырыбы ұсынылған. Сол себепті, олар ең соңында антисептик дозаторын басатын машина құрастыру тиіс болатын.


«Біздің команда «ГРиМ» деп аталды. Яғни, Гром, Раскат және Молния». Өйткені, шариктерді жібергенде, домалаған қатты дауысы шығып, артынша найзағайдың дүрсілі естіледі. Жобаны дайындауға біраз уақыт кетті. Соған орай, әкеміз екеуіміздің еңбегіміз ақталды», – дейді жас өнертапқыш.


Көкшетау қаласындағы НИМ директоры Зульфия Оразбекова жеңімпаздарға 150 мың теңгенің сертификатын тапсырды. Алидар өте талантты, белсенді оқушы. Ол 5 жастан робототехника үйірмесіне қатысып келде және келешекте инженер-өнертапқыш болуды армандайды.