Сондай-ақ, нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың күзінде аяқталады.
ERNUR.KZ. Алматыдағы "Медеу-Шымбұлақ" жолында құлаған тастардың салдарын жою жұмыстары 2023 жылдың күзінен бері жалғасуда, деп жазады zakon.kz.
Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
"Өткен жылдың қазан айынан бастап "Мохнатка" және "Горельник" тау беткейлерінен 80 мың шаршы метрге жуық тас шығарылды және 17,6 мың текше метр үйінділерден тазартылды", – деп түсіндірді қала басшысы.
Айта кетерлігі, 2024 жылдың көктемінде Шымбұлаққа барар жолда беткейлерін нығайту жұмыстары басталады. Сондай-ақ, нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың күзінде аяқталады.