Абай облыстық Полиция департаменті осы жайтқа қатысы бар 20 жастағы қыз бен оның жігіті полиция қызметкерлері деген ақпаратты жоққа шығарды.
ERNUR.KZ. Семейдің сол жағалауында қоқыс жәшігінен сүлгіге оралған нәресте табылған еді. 20 жастағы қыз бен оның жігіті жауап алынып, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Нәрестенің қашан шетінегенін сараптама анықтайды, деп жазады baq.kz.
Еске салайық, 3 ақпанда қаланың сол жағалау бөлігінде тұрғындардың бірі қоқыс жәшігінен сұмдық "олжа" – сүлгіге оралған нәресте тауып алған еді.
Абай облыстық Полиция департаменті осы жайтқа қатысы бар 20 жастағы қыз бен оның жігіті полиция қызметкерлері деген ақпаратты жоққа шығарды.
Нәресте анасының айтуынша, босану кезінде шетінеген бе, әлде жігіті оны қоқысқа апарып тастағаннан кейін көз жұмған ба – мұны сараптама анықтайды. Сондай-ақ аталған ер адамның сәбидің биологиялық әкесі екені де тексеріледі.
Қазіргі таңда қыз бен жігіттен жауап алынып, олар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Сараптама қорытындысынан кейін тиісті процессуалдық шешім қабылданып, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.


