Қол астындағы қызметкерлерін 1,5 сағат боқтаған әкім жауапқа тартылмайтын болды

0
765

Тәртіптік жаза қолдану мерзімі өтіп кеткен.


Қол астындағы қызметкерлерін 1,5 сағат боқтаған әкім жауапқа тартылмайтын болды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың бейәдеп сөзге толы аудиожазбасына қатысты шешім шықты. Ол бұл ісі үшін жауапқа тартылмайды, деп жазады exk.kz.

Қол астындағы қызметкерлерін жер-жебіріне жетіп боқтаған әкім ісіне нүкте қойылды. Uralskweek.kz сайтының дерегіне сүйенсек, тәртіптік жаза қолдану мерзімі өтіп кеткен. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұл аудиожазба бойынша тексеру жүргізіп, ақырында осындай шешімге келіпті.

"Қызметтік тергеу материалдарын қарау қорытындысы бойынша уәкілетті органның Әдеп жөніндегі комиссиясы Бәйтерек ауданының әкімі М.Л. Тоқжановтың тарапынан мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзу дерегін анықтады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мерзімдерінің аяқталуына байланысты Тоқжановқа қатысты тәртіптік іс тоқтатылды", — делінген хабарламада.

Яғни бұл жағдай сәуір айында болған. Бірақ әкімнің аудиожазбасы желіге күзде тарады. Арада 6 ай уақыт өтіп кеткен. Ал мемлекеттік қызметте жаза тәртіп бұзған жағдайда бір ай ішінде қолданылуы тиіс көрінеді. Осылайша Марат Тоғжанов ешқандай жауапқа тартылмайтын болды.

Еске салайық, Аудан әкімінің қол астындағы қызметкерлерін көктемгі су тасу қаупі артқан кезде жер-жебіріне жетіп боқтағаны жазылған еді.