Сот үкімімен сондай ақ 15 млн 400 мың теңге айыппұл төлейтін болды
иллюстрациялық фото: kerek-info.kz
ERNUR.KZ. Қорғаныс істері департаментінің экс-басшысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Қызылорда облысының қорғаныс істері департаментінің экс-басшысы Мұрат Дәулетбахов алаяқтық және парақорлық үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен сондай ақ 15 млн 400 мың теңге айыппұл төлейтін болды.
Атап айтсақ, Шымкент гарнизонының әскери соты ҚР ҚК нің 366 бабы 3 тармағы 2-ші бөлігімен, яғни бірнеше рет пара алғаны үшін және ҚР ҚК нің 190 бабы 3 тармағы 2-ші бөлігімен жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғаның алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Тергеу барысында 2017 жылдың қазан-желтоқсан айларында М.Дәулетбаховтың Қызылорда облыстық қорғаныс істері департаментінің басшысы қызметін атқара отырып тәртіптік жауапкершіліктенжалтару , әскери шенді ұсыну үшін қарамағындағы қызметкерлерден жүйелі түрде ақша жинап келгені анықталған.
Сондай-ақ, Дәулетбаховпен бірге әскери шенді сатып алған полковник Нұрлан Теңізқұлов пен майор Нұржан Баетов те сотталды. Пара бергені үшін кінәсі дәлелденіп, 20 есепті айыппұл төлеуге, яғни 1 млн және 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге сот үкімі шықты.
Сонымен қатар, полковник Мұрат Айдаров та военкомға қызметкерлерден пара жинап делдал болғаны үшін айыпты деп танылды. Полковник 10 еселік айыппұл, 350 мың теңге төлейтін болды. Барлық сотталушылар әскери атақ пен әскери қызметтерінен айырылды.