"Қола медаль иеленді": Жеңіс Ысқақованың күйеуі Мажарстаннан жүлделі оралды

0
108

Өнер иесі жарының спортшы екенін айтты.


Фото: https://www.instagram.com/zhenisiskakova/

ERNUR.KZ. Танымал әнші, мәдениет қайраткері Жеңіс Ысқақова күйеуіне қатысты жағымды жаңалықты жариялады, деп жазады stan.kz.

Өнер иесі жарының спортшы екенін айтты.

"Сүйінші! Балаларымның әкесі, немеремнің атасы, Мажарстанның Татабанья қаласында өтіп жатқан боз кілем шеберлерінің, яғни спорт ардагерлерінің әлем чемпионатында жеңіске жетті. Әлемнің бірнеше дүркін чемпиондарымен және олимпияда жүлдегерлерімен бірге күш сынасып, қола медальға қол жеткізу - біздің отбасымыз үшін үлкен жеңіс. Отағасы жас кезінде күреспен шұғылданып, кейін бір себептермен күреспей қойған екен. Бірақ өмір бойы спортпен шұғылданып, әрдайым бабында жүреді. Осы, бір жылдың көлемінде қайтадан өзінің жанына жақын спортпен айналыса бастады. Нәтижесі - екі халықаралық турнирде алтын медаль. Күні кеше әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізді.Шамамен 35 жыл үзілістен кейін кілемге қайтып оралып, осындай жетістікке қол жеткізген менің жігітім кезінде кілемнен кетпегенде елімізге талай медальдар әкелер еді. Жарайсың,Тоқтасын Сейсенбайұлы!", – деп жазды әнші.

Еске салайық, эстрада жұлдызы 32 жылдан бері жан жарымен өмір сүріп жатқанын айтқан еді.

“Зымыраған уақыт-ай! Кеше ғана шаңырақ көтерген сияқты едік, бүгін 33 жыл болыпты. Өмірдің қызығында- шыжығында қуанышымен жетістігінде бірге көріп келеміз. Ең бастысы басымыз аман, бала-шаға бүтін, ел-жұрт аман. Жас отбасыларға айтатыным, отбасын сақтап қалу үшін бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек. Баршаңызға бақ-береке тілейміз”, – деп жазған едік эстрада жұлдызы.