Көлік алу бағдарламасына қатысып жатқандардың өтінімдері қай жағдайда қабылданбайды

0
430

Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі.


Көлік алу бағдарламасына қатысып жатқандардың өтінімдері қай жағдайда қабылданбайды

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына қатысып жатқан адамдарың өтінімдері үш жағдайда қабылданбайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Өтінімді тексеруге тиісті уақыт керек болады. Осыдан кейін сайттағы «жеке кабинетте» өтінім мақұлданып, бағдарламаға қатысатындар пулына адамның қосылғаны туралы хабарлама келеді. Сонымен қатар, адамдарың өтінімдері үш себеп бойынша қабылданбауы мүмкін. Біріншіден, осыған дейін бағдарлама аясында несие алса, бұл адамның өтінімі қабылданбайды. Екіншіден, платформада осы адамның өтінімі бұған дейін енгізіліп, қарастыру кезеңінен өтіп жатса, жаңа өтінімді қосу мүмкіндігі болмайды. Үшіншіден, бағдарламаға қатысып жатқан банкте қаражат лимиті таусылса, өтінім қабылданбайды», - деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров.

Осы орайда ол бір адам екі жылда бір рет жеңілдетілген несиені ала алатынын айтты.

Р. Гаппаровтың сөзіне қарағанда, автокөлік пен несиені берудің толық рәсімін 60 күннің ішінде аяқтау керек.

«Осы рәсімнен аталған мерзімде өте алмағандар пулдан шығарылып, өтінімді қайтадан беруі керек. Атап айтқанда, өтінімі мақұлданған адамдар төлем шотын алу үшін автосалонға барып, кейін банктегі құжаттарды рәсімдеуі тиіс», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 6 ақпанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы) көлік алуға жеңілдікпен пайызы төмен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін жаңа платформаны іске қосады.

Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда бұл платформа келесі аптада іске қосылған кезде 761 адам тіркеле алады