Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады

0
438

2023 жылғы салықты есептеу кезінде былтырғы 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.


Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады

ERNUR.KZ. Автокөлігі бар жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі жақындады, деп жазады sputnik.kz.

Жеке тұлғалардың 2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. 2023 жылғы салықты есептеу кезінде былтырғы 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
"Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы және "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасындағы салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады. Бұл ретте есептік сальдоны анықтау үшін салық органдары жыл сайын жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты тиісті жылға есептейді", - дейді ведомство.
Есептелген сомалары туралы ақпарат наурызда "Каспий банкі" АҚ және "Халық банкі" АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберіледі. Сондай-ақ салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталдағы "Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер" сервисінде, сондай-ақ "Каспий банкі" АҚ және "Халық банкі" АҚ мен "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшаларында болады.
"Жеке тұлғалар салықтарды басқа жолдармен де: екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде қолма-қол ақша қаражаттарымен немесе төлем терминалдарында, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлей алады", - деп толықтырды комитет.