"Көліктен түсіп, жоғалып кеткен": Семейде 8 жасар бала полицияны аяғынан тік тұрғызды

0
97

​Абырой болғанда, бала 15 минутта табылды.


Фото: Абай облысының ПД

ERNUR.KZ. Семей қаласының тұрғыны 8 жастағы ұлының көліктен түсіп, қашып кеткенін айтып, полицияға қоңырау соққан. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер баланы 15 минутта іздеп тапқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, шақыруға «Барыс-615» экипажы құрамындағы Аслан Сейтқалиев пен Қуанышбек Мұшарапов, сондай-ақ «Барыс-653» экипажының қызметкерлері Жасұлан Оразғалиев пен Арман Акешев келген.

«Баланың анасы 8 жастағы ұлының көліктен түсіп, жоғалып кеткенін хабарлаған. Ақпарат түскен сәттен бастап кезекші бөлім патрульдік экипаждарды жедел түрде оқиға орнына бағыттады. Атап айтқанда, іздестіру жұмыстарына кірісті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жақын маңдағы аулаларды, балалар алаңдарын, дүкендер мен өзге де қоғамдық орындарды мұқият тексерді», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Осындай жедел шаралардың арқасында бала жақындағы дүкендердің бірінен табылған.