"Көліктерді жеке мақсатына пайдаланған": Семейде мемлекеттік қызметшілер күдікке ілінді

0
866

Мемлекеттік қызметшілердің демалыс және мереке күндері қызметтік көліктерді пайдаланғанын куәгерлер бейнежазбаға түсіріп алған. Онда моншалар, сауналар, кафелер, мейрамханалар маңында мемлекеттік көліктердің тұрғаны көрсетілген.


ERNUR.KZ. Семейде мемлекеттік қызметшілер қызметтік автокөліктерді жеке мақсаттарына пайдаланды деген күдікке ілінді, деп жазады sputnik.kz.

"Соңғы екі айда жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік органдарға тиесілі қызметтік көлікті жұмыс уақытынан тыс жеке мақсатта пайдалану фактілері бойынша 10-нан астам шағым түсті", - дейді ведомство.

Департаменттің айтуынша, Семей қаласы мен облыс аудандарында мемлекеттік қызметшілердің демалыс және мереке күндері қызметтік көліктерді пайдаланғанын куәгерлер бейнежазбаға түсіріп алған. Онда моншалар, сауналар, кафелер, мейрамханалар маңында мемлекеттік көліктердің тұрғаны көрсетілген.

Департамент қай мемлекеттік мекеме қызметтік автокөліктерді жұмыс уақытынан тыс пайдаланатыны туралы ақпаратты анықтау үшін Абай облысының полиция депаратменті және басқа да құзыретті мемлекеттік органдарға жазбаша сұрау жолдады.
"Шағымдарды қарау нәтижелері бойынша департамент заңға сәйкес шаралар қабылдап, кінәлі лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселе қаралады", - дейді ведомство.