Көліктің ішінде 33 бала болған: Атырау облысында полицейлер балшыққа батқан автобусты шығарды

0
263

Арнайы жүк көлігінің көмегімен автобусты қауіпсіз жерге шығарылды.


Көліктің ішінде 33 бала болған: Атырау облысында полицейлер балшыққа батқан автобусты шығарды

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Атырау – Индер тасжолының 178 шақырымы тұсында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, айналма жолда ішінде 33 бала жолаушысы бар автобус балшыққа батып қалған, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған тасжолда қызмет атқарып жүрген Атырау облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Самат Даукенов пен Дәурен Жалауов бірден көмекке ұмтылады.

Тәртіп сақшылары жағдайды жедел бағалап, жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйым қызметкерлерін іздестіріп, қажетті техниканы ұйымдастыру шараларын қабылдады.

Алғашқы сүйреу әрекеті кезінде тростың үзілуіне қарамастан, полицейлер қосымша құрал-жабдықтарды жеткізіп, автобусты жолдың қауіпсіз бөлігіне шығаруға ықпал етті.

Полицейлердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, автобус бағытын әрі қарай жалғастырған.