Көліктің үстінде жүріп көңіл көтерген жастардың видеосы тарады

0
374

Көлік жүргізушілері айыппұл арқалады.


Көліктің үстінде жүріп көңіл көтерген жастардың видеосы тарады

Көлік үстіне жолаушыларды мінгізген атыраулықтар айыппұл арқалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 тамыз күні түнгі сағат 03:00 шамасында Атырау қаласы Жерұйық мөлтек ауданында орналасқан көшелердің бірінде Toyota Camry және Lada 21725 маркалы автокөліктерінің бірнеше адамды көлік үстіне мінгізіп, жолаушылар тасымалдау ережелерін бұзып, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттер жасап жүрген бейнежазбасын достары әлеуметтік желіге жүктеген.


"Аталған бейнежазба бойынша патрульдік полиция қызметкерлері тексеру барысында жоғарыда атап өткен өрескел әкімшілік құқық бұзушылықты жасап жүрген Toyota Camry және Lada 21725 маркалы автокөліктерінің 18 және 19 жастағы жүргізушілері анықталды. Олар 9 тамыз күні досының туған күнінде көлік құралының салонынан тыс жерде жолаушылар тасымалдағандықтарын айтып, өз кінәларын толықтай мойындаған. Сол себепті 19 жастағы Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 3-бөлімімен (Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау, осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер) және ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 1-бөлімімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттамалар жасақталып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды", – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Ал 18 жастағы Lada 21725 маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 10-бөлімімен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, Осы баптың бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер) және ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 3-бөлімімен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау, осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер) әкімшілік хаттамалар жасақталып, 43 755 теңге көлемінде айыппұлдар салынды