Колледждер келешекте студентсіз қалуы мүмкін

0
1 594

Емтихансыз-ақ университетке түсуге болатын болса студентсіз қалуымыз мүмкін


Колледждер келешекте студентсіз қалуы мүмкін

фото:Baq.kz.

ERNUR.KZ. Астана қаласы политехникалық колледж директоры Қасымхан Сенғазыев жастардың колледже білім алуға деген ынтасы төмендеп бара жатқанын айтты, деп жазады Baq.kz.

Оның пікірінше, алдағы жылдары коллежде білім алғысы келетін жастардың саны азаюы мүмкін.

Осы орайда мектеп директоры аталған мәселенің негізгі себебіне тоқталды.

«1-қыркүйектен бастап, мектептерде жан басына шыққан қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатыр. Осыған дейін білім ордаларындағы директорлар 9-сыныптан кейін түлектерді колледжге жіберіп, үшке оқыған оқушыларынан құтылып жүрді. Енді олар осы оқушыларды мектепте қалдырады. Себебі, оларға қомақты қаржы бөлінетін болды. Екіншіден, ҰБТ-ның рейтингісіне директорлар жауап бермейді. Үшіншіден, биыл жоғары оқу орындарына бөлінетін гранттардың саны өсті», - деді ол.

Қасымхан Сенғазыевтың айтуынша, биыл Еуразия Ұлттық университетіне бірінші курсқа 7 мың студент түскен екен. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 3 мыңды құраған.

Сонымен қатар басшы Астана әкімдігі биыл университтерге 1 мың грант бөлгенін атап өтіп, аталған факторлар коллежде білім алғысы келетін жастардың азаюына алып келетініне мәлімдеді.

«Биыл 9-сыныпты бітірген оқушы мен оның ата-анасы бірден жоғары білім алуға мүдделі болмақ. Демек, осыған дейін колледж арқылы емтихансыз жоғары оқу орнына түсуге болса, енді емтихансыз-ақ университетке түсуге болады. Сондықтан бұл мәселені зерттеп, шешу қажет. Себебі, біз 2-3 жылдан соң студентсіз қалуымыз мүмкін», - деп түйіндеді сөзін политехникалық колледж директоры.