Колледждерде жан басына шаққандағы қаржыландыру екі есе ұлғаяды

0
130

1 қыркүйектен бастап бір студентке шаққандағы қаражат көлемі 912 мың теңгені құрайды.


Колледждерде жан басына шаққандағы қаржыландыру екі есе ұлғаяды

ERNUR.KZ. 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кәсіптік білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге өседі, деп жазады sputnik.kz.

Қазір бір студенттің білім алуына бөлінетін қаржының орташа көлемі 437 мың теңгені құраса, енді ол орташа есеппен 912 мың теңге болады.

"Қаржыландырудың жаңа нормативі негізгі және ынталандырушы бөліктерден тұрады, бұл ретте ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар қаржыландырудың жаңа жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда елімізде 772 колледж кадрлар дайындайды. Контингент небәрі 556 мың студенттен тұрады, оның 85 пайызы грант бойынша оқиды, ал мемлекеттік білім беру тапсырысының 65 пайызы техникалық мамандықтарға бағытталған.
Колледждерде 227 мамандық және 753 біліктілік бойынша білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.