Көмек сұраған ақтөбелікке сенбеген ТЖД қызметкері жазасын бостандықта өтейді

0
299


Көмек сұраған ақтөбелікке сенбеген ТЖД қызметкері жазасын бостандықта өтейді

ERNUR.KZ. Ақтөбе облыстық соты «өлтіріп жатыр» деп көмек сұраған әйелге сенбеген ТЖД қызметкерінің ісін апелляциялық сатыда қарады. Қоңырау қабылдаған диспетчер жазасын енді бостандықта өтейді, деп жазады kaz.inform.kz.

Ақтөбе облыстық соты № 2 Ақтөбе қалалық сотының үкімін өзгертті.

“Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық № 2 сотының 2024 жылғы 17 қыркүйектегі үкімі өзгертілсін. Әділ Қалидолла Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігімен оған мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында лауазымдарды атқару құқығынан үш жылға айыра отырып, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 44-бабына сәйкес Ә.Е.Қалидоллаға тағайындалған жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленсін. Оған пробация қызметіне хабарламай тұрақты тұрғылықты жерінен кетпеу, басқа мекенге шықпау, жұмыстан бос уақытында тұрғылықты мекенжайынан кетпеу, жұмысын және оқуын ауыстырмау, ішімдік ішіп, ойын- сауық құратын жерлерге (мейрамхана, дәмхана, букмекерлік кеңселерге, түнгі және компьютерлік клубтарға) бармау міндеттерін орындау жүктелсін. Ә.Қалидолла жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылсын, — деп жазылған сот кабинетіндегі қаулыда.

Айта кетейік, үкімнің өзге бөлігі өзгеріссіз қалды. Сонымен бірге тараптар шағым түсірсе іс кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.