Қонаевта түнгі уақытта әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздар жазаланды

0
821

7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


Қонаевта түнгі уақытта әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздар жазаланды

ERNUR.KZ. Қонаев қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында тәртіп бұзған екі сарбазға байланысты әкімшілік ісі қаралды, деп жазады inform.kz.

- Осы жылдың 8 шілдесінде Н. және М. күн тәртібі бойынша бекітілген жоспарды бұзбау жайлы аға сержанттың ауызша бұйрығын қасақана орындамай және сол күні кешке шамамен сағат 20:00-де әскери бөлімшенің аумағынан қосалқы есік арқылы ескертусіз шығып, Алатау қаласына қашып кеткені анықталды. Сот қаулысымен Н. және М. ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды облыстық соттан.

Сондай-ақ әскери бөлімде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларда құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сот актісін жария етуіне Н. және М.-нің қызметтестері шақырылғаны хабарланды.