Концерт пен шоуларды қала сыртына ысыру туралы петиция пайда болды

0
279

Петиция авторлары қазір ірі қалаларда концерттер көп өтетінін айтқан.


Концерт пен шоуларды қала сыртына ысыру туралы петиция пайда болды

ERNUR.KZ. Тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту жөнінде петиция жарияланды. Ол Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігіне жолданды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бастамашылар тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Петиция авторлары құқығымыз үнемі бұзылады дейді. Яғни, Олардың жазуынша, тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленгеніне қарамастан қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуында кемшіліктер бар көрінеді.

Біріншіден, петиция авторының айтуынша, қазір түнде шулаған мекеменің өзіне емес, оның қызметкеріне ғана айыппұл салынатындықтан, оның сомасы барынша азаяды екен.

Екіншіден, айқай-шудың қандай деңгейде екенін арнайы сертификаты бар маман ғана анықтай алады. Алайда, петиция авторы атап өткендей, бұл уәкілетті тұлғалар демалыс күндері өз міндеттерін орындамайды немесе оларға алдын ала өтініш беріп, кезекке тұру керек. Ойын-сауық мекемелері тарапы қатты шу шығарған жағдайда оны өлшеу және кінәлілерді жауапкершілікке тарту мүмкін емес.

Үшіншіден, тұрғын үйлерге жақын аумақта ашық аспан астында ірі концерт секілді музыкалық іс-шараларды өткізу қағиадалары бекітілген заңнама жоқ. Соңғы уақытта ірі қалаларда фестивальдер мен үлкен концерттер көп өтетін болған. Алайда ұйымдастырушылар мен қала басшылығы үлкен концерт өтетін жерге жақын тұратын адамға бір демалыста тыныштықта тынығуға кедергі жасап отыр дейді петиция иесі. Тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатысты барлық санитарлық нормалар бұзылады.

Төртінші - кәсіпкерлік субъектілерін тәуелсіз сараптама негізінде жауапкершілікке тарту тетігінің жоқтығы, өйткені сараптаманы қалыптастыру және уәкілетті органмен келісу ұзақ уақытты қажет етеды.

«Ғалымдар шудың адамның денсаулығы мен мінез-құлқына айтарлықтай әсер ететінін, тітіркендіріп, агрессия тудыратынын, қан қысымы көбейіп, ұйқысы бұзылатынын дәлелдеген. Демек, шамадан тыс дыбыс деңгейі есту органдарына, орталық жүйке және жүрек-тамыр жүйелеріне теріс әсер етеді. Қалалардың өсіп-өркендеуіне байланысты бұл мәселе өзекті бола түскен. Қазір Қазақстандағы шу стандарттарын реттейтін заңнама «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің нормалары, денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы бұйрығы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінен тұрады. Тұрғын үй-жайларда, қоғамдық ғимараттарда және тұрғын үй-жайларда рұқсат етілген шу деңгейлерін белгілеу, сондай-ақ тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік тарту қарастырылған», - дейді петиция авторлары.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 8-тармағына сәйкес тұрғын ғимараттардың үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында қатты шу шығаратын қызмет сағат 22-ден таңғы сағат 9-ға дейін, ойын-сауық орындарында - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы сағат 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі.

Бұл ретте шудың халық денсаулығына кері әсерін азайту мақсатында кезек күттірмейтін қажеттіліктерге байланысты емес тұрғындардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін қатты шу шығаратын іс-шара тұрғын үйлерде және тұрғын үйлердің сыртында күндіз жүргізілді әрі күніне 8 сағаттан аспауы керек.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы N ҚР ДСМ-15 бұйрығына 2-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес пәтерлердегі тұрғын бөлмелер үшін шудың шекті деңгейі күндізгі уақытта 55 дБ (дыбыс қысымының баламалы деңгейлері) және 45 дБ құрайды. Ал жатақхана үшін - күндіз 60 дБ, түнде 50 дБ.

Қазіргі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 437-бабының 1-тармағында белгіленген. Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлік субъектісінің тынышттықты бұзғаны үшін салынатын айыппұл 5 АЕК (2024 жылы 73 840 теңге), ал күндізгі уақытта гигиеналық шу нормаларын бұзған жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425 бабы бойынша 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге) айыппұл салынуы мүмкін.

Бастамашылар жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, азаматтардың жеке өмірдегі құқықтарын толық сақтау мақсатында заңнамаға бірқатар енгізу қажет деп санайды.

«Біріншіден, тыныштықты бұзған кәсiпкерлiк субъектiсi қызметкерінің iс-әрекетi кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне байланысты болса, оны жауапқа тартпау жөніндегі бiрыңғай құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету; 2. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайталап жасаған құқық бұзушылығы үшін жауапкершілікті күшейту. 3. Уәкілетті тұлғалардың демалыс, мереке және түнгі уақытта шу деңгейін бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету; 4. Егер ойын-сауық мекемелері тұрғын үйлерде және тұрғын үйлердің жанындағы аумақтарда орналасса, жұмыс күндері 20.00-ден 09.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерінде 21.00-ден 09.00-ге дейін тыныштықты шектейтін жұмыс режимін белгілеу. 5. Тұрғын үйлер мен тұрғын үйлердің жанында ашық аспан астында концерт өткізу кезінде акустика мен басс жағынан сахналық концерттік жабдықтың белгілі бір стандарттарын белгілеу. 6. Ірі жеке фестивальдерді, концерттерді өткізуді қала сыртына көшіру керек», - деп жазған петиция авторлары.