Көптеген мал ұрлығына полиция қызметкерлерінің қатысы бары анықталды

0
1 017

Соңғы 5 жылда мал ұрлығы 60% азайған көрінеді.


Көптеген мал ұрлығына полиция қызметкерлерінің қатысы бары анықталды

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары Сағат Мәдиев бүгін осылай деді. Оның айтуынша, мұндай оқиғалар Шығыс Қазақстан мен Атырау облыстарында тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Соңғы бес жылда полиция қызметкерлерімен бірге жасалған 3 қылмыстық іс қозғалған. Үшеуі де – ұрлыққа қатысты қылмыс. Бізде жеке қауіпсіздік мақсатында осы қылмыстар бойынша іс қозғалып, барлығын сотқа жолданды», – дейді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары Сағат Мәдиев.

Брифинг барысында соңғы бес жылда республика бойынша мал ұрлығының 8 мыңнан 3,7 мыңға дейін немесе 60% азайғаны айтылды. Ұрланған 91 мың бас малдан 42 мыңнан астамы иелеріне қайтарылған. Негізінен барымташылар жайылымда бақылаусыз жүрген малдарды ұрлайды екен. Алайда төрт түлікті қолды қылатын әлі де ұйымдасқан топтар да бар.

«Биыл Түркістан облысында екі топ ұсталды. Оны істеген ұйымдасқан қылмыстық топ: біреуі ұрлайды, біреуі тасиды, үшіншісі сояды. Ар жағында сосын оны таратады. Міне осындай топтар ұсталды», – дейді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары Сағат Мәдиев.