30 жастағы қазақстандықты Чонгып шыны зауытында тұнбаны тазарту кезінде тоқ соққан.
Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақстандық қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ақпаратты растады.
Кореялық басылымның ақпараты бойынша 30 жастағы қазақстандықты Чонгып шыны зауытында тұнбаны тазарту кезінде тоқ соққан. Ол ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған. Қайғылы оқиға 8 сәуірде болған.


