ERNUR.KZ.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
“ Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды , - делінген хабарламада.


