Роликке жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы дыбыс берілген.
фото: Sputnik / Тимур Батыршин
ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі әскери қызметкердің соққыға жығылғаны жайлы видеоға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады sputnik.kz.
"Аталған бейнематериал – "Қырғызфильм" киностудиясы түсірген "Баткен" көркем фильмінің үзіндісі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
"Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз", - деп ескертті министрлік.