Қорғаныс министрлігі Қостанайда ресейлік техниканың не үшін жүргенін түсіндірді

0
1 423

Бұған дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-21" ғарыш кемесі ұшырылып, сондай-ақ "Союз МС-19" кемесі қонғаны хабарланған болатын.


Қорғаныс министрлігі Қостанайда ресейлік техниканың не үшін жүргенін түсіндірді
ERNUR.KZ. Қазақстанның қорғаныс министрлігі Қостанай облысында ресейлік техниканың жүргені туралы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.
"Ресейлік техниканың Қостанай облысының аумағында жүріп-тұруына қатысты бейнежазбада іздестіру-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесінің легі Байқоңырдан Ресей Федерациясындағы тұрақты орналасу пункттеріне кеткені көрсетілген", - делінген министрліктің хабарламасында.
Бұл бөлімше Қазақстанда биылғы жылдың 14 наурызынан бастап Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлер капсуласын іздестіру мақсатымен болды.

Бұған дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-21" ғарыш кемесі ұшырылып, сондай-ақ "Союз МС-19" кемесі қонғаны хабарланған болатын.