Қорқыттың даналық сөздері үш тілде шығады

0
1 490

Кітапқа АҚШ пен Еуропа елдеріндегі архивтерден Қорқыт ата мұрасы туралы бұрын еш жерде жарияланбаған мәліметтер енгізілмек


Қорқыттың даналық сөздері үш тілде шығады

ERNUR.KZ. Қызылордада «Қорқыттың даналық сөздері» атты кітап үш тілде шығарылады, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов мәлімдеуінше, кітапқа АҚШ пен Еуропа елдеріндегі архивтерден Қорқыт ата мұрасы туралы бұрын еш жерде жарияланбаған мәліметтер енгізілмек.

«Осы кітапқа қоса Қызылорда облысындағы тарихи және мәдени ескерткіштер телеатласы мен өңір тарихы туралы электронды оқулық немесе жинақ әзірленеді. Бұл жоба бойынша бейнемұрағаттарда сақталған Сыр өңірінің тарихына, тарихи-мәдени ескерткіштеріне қатысты түсірілімдер, деректер жинақталып, сонымен бірге, аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы облыста орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен орындар, өмір сүрген тарихи тұлғалар, батырлар мен шайырлар, жыраулар, т.б. туралы ел аузында жүрген әңгімелер мен аңыздарды жинақтап, бейнематериалдар әзірлейтін болады», - деді Т. Маханов.