"Қызыл" аймақта – екі қала, төрт облыс тұр
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2 сәуірдегі жағдай бойынша, "қызыл" аймаққа бес өңір енді: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан.
Қалған барлық өңір - "жасыл" аймақта. Ал Қазақстан кеше әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймаққа өткен болатын.


