Коронавирус: Билеттердің ақшасы толық көлемде қайтарылады

0
836

Бүгін кассаларда билеттерді қайтару бойынша жүктеме айрықша жоғары болды.


Коронавирус: Билеттердің ақшасы толық көлемде қайтарылады

ERNUR.KZ. Уақытша төтенше жағдайдың жариялануымен "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-да жолаушылар билеттері үшін ақшаны толық көлемде (соңғы тәулікте ұстап қалусыз) қайтару шешімі қабылданды, деп жазады zakon.kz.

- Бүгін кассаларда билеттерді қайтару бойынша жүктеме айрықша жоғары болды. Бұл жағдайда, біз сол немесе өзге де кассаларда қажетті көлемде қолма қол ақша тапшылығының жекелеген жағдайлары болмаса, қайтарымды сол жерде іске асыратын кассаларды қосымша қолма қол ақшамен қамтамасыз еттік.

Осындай сирек жағдайларда билет құны толық төленеді, және де жолаушы тиесілі ақшасын өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, соның ішінде келесі күні де ала алады.

Біз қазіргі қалыптасқан жағдайда жолаушыларымыздан билеттерді қайтаруды рәсімдеу процесіне шыдамдылық таңытуды және түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Біз ақша қаражатын толық көлемде қайтаруға кепілдік береміз, - делінеді хабарламада.