Коронавирус: Қазақстанда 9 өңір "қызыл" және "сары" аймаққа кірді

0
1 803

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.


Коронавирус: Қазақстанда 9 өңір

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдың 4 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған барлық өңір - "жасыл" аймақта.

Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймаққа өткен болатын.