Коронавирус: Қазақстанның бас қаласы қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

0
2 457

Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.


Коронавирус: Қазақстанның бас қаласы қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 8 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

8 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы мен бір қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы. Кеше «сары» аймақта тұрған елорда бүгін «қызыл» аймаққа қайта кірді.

«Сары» аймақта Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Кеше «сары» аймақта болған Шығыс Қазақстан бүгін «жасыл» аймаққа шықты. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын.

Қаулы ережелеріне сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді.