Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін

0
1 646

COVID-19 вирусы қағаздарда 3-4 күнге дейін, ал пластиктерде 9 күнге дейін сақталады.


Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вирус қағаз беттерінде және пластиктерде біраз уақытқа дейін қала береді, деп жазады holanews.kz.

COVID-19 вирусы қағаздарда 3-4 күнге дейін, ал пластиктерде 9 күнге дейін сақтала береді дейді сарапшылар. Ресейлік сарапшылардың сөзіне қарағанда, кредит ұйымдары беретін қағаз ақшалар банктерде 14 күн уақыт тұрады да кейін ғана клиенттерге беріледі.
Дегенмен сарапшылар қолма-қолма ақшадан толықтай бас тартуға шақырмады, бірақ банкнота мен тиындарды ұстағанда қол жууға кеңес береді.
"Ауа температурасы жоғарылағанда коронавирус жойылады деген болжам, меніңше, тек фантазия. Вирус Уханнан келді, онда желтоқсан-қаңтар айларында ауа температурасы +10 градус. Сондықтан ауа температурасының жоғарылауы вирусқа әсер етуі мүмкін емес", - деді ресейлік дәрігер Борис Ревич.