1 тамыздан бері елімізде 401 өлім жағдайы тіркелді.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен 172 адамның ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Коронавирус белгісі бар пневмониядан 2 науқастың көз жұмғаны белгілі болды. Ал 23 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 37746, 401 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28710 жетті.