Коронавирус жұқтырғандар саны Алматы мен Шымкент қалаларында күрт өсті

0
774

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 жағдай тіркелді


Коронавирус жұқтырғандар саны Алматы мен Шымкент қалаларында күрт өсті

20 сəуір күнгі сағат 12:30-дағы жағдай бойынша, елде коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 10, Шымкент қаласында – 9, Қостанай облысында – 1 адам бар.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1757 адам тіркелді. Олардың ішінде:
Алматы қаласы – 535,
Нұр-Сұлтан қаласы – 383,
Қызылорда облысы – 149,
Қарағанды облысы – 93,
Ақмола облысы – 82,
Атырау облысы – 80,
Шымкент қаласы – 80,
БҚО – 63,
Жамбыл облысы – 61,
Түркістан облысы – 60,
Алматы облысы – 44,
СҚО – 30,
Павлодар облысы – 30,
Ақтөбе облысы – 27,
Қостанай облысы – 20,
Маңғыстау облысы – 12,
ШҚО – 8.