Коронавирустан қорғау: Нұр-Сұлтандағы гипермаркеттер тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін

0
727

Әкім мереке күндері қаланың жабылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.


Коронавирустан қорғау: Нұр-Сұлтандағы гипермаркеттер тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін

ERNUR.KZ. Жаңа жыл қарсаңында елордадағы гипермаркеттер мен супермаркеттер тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Жаңа жыл қарсаңында көптеген адамдардың сауда орталықтарына баратыны белгілі. Мұнда халықтың көп жиналуына жол бермеу үшін ірі гипермаркеттер мен супермаркеттерді тәулік бойы жұмыс істеуін қарастырып отырмыз. Сонда адамдар сағат 20:00-ге дейін тауар алып үлгеруге асықпайды. Бұл мәселені қазір талқылап жатырмыз және жақын арада нақты шешімді жариялаймыз», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Оның айтуынша, бұл мәселе санитарлық дәрігерлермен және сауда орталықтарының басшыларымен бірге талқыланады. Сонымен бірге, әкім мереке күндері қаланың жабылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.


«Қаланы жабу еш жоспарланып отырған жоқ. Бірақ коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейсе, қосымша карантин шаралар болуы мүмкін. Аса сақ болып, санитарлық нормаларды сақтау қажет. Сонда ғана еш шектеу шаралары болмайды», - деді А. Көлгінов.