Сондай-ақ, «Халық денсаулығы туралы» Кодекске түзетулер енгізу, атап айтқанда, бөлшек сауда нарығындағы бағаларды реттеуді жою жоспарда бар.
Қазақстанда вакцинация басталар алдындағы дайындық жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрі Анатолий Цой айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, министр 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық ахуалды дамыту жөніндегі болжамдарымен бөлісті. Мәселен, міндетті маска режимін, әлеуметтік ара қашықтықты және күтілетін вакцинацияны қоса алғанда, қолданыстағы шектеу шараларын сақтай отырып, ауру жағдайларын тіркеудің ықтимал өршуі осы жылдың наурыз айының соңында орын алуы мүмкін.
Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін тіркеу күтілуде, ал төсек-орын қорының қамтылуы 24 мың төсек-орынға дейін жетуі мүмкін. Пессимистік сценарий бойынша тіркеу тәулігіне 9 мың жағдайға, ал төсек-орын қорын қамту 45 мың төсек-орынға дейін жетуі мүмкін, бұл денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемеленуіне жол бермеу үшін қатаң карантин шараларын енгізуді қажет етуі мүмкін.
Болжам бойынша, бірінші жартыжылдықта 2 млн адамды вакцинациялау 40 мыңға дейін тіркелетін жағдайды азайтады. Вакцинациядан болатын әсер бірінші кезеңде иммунитетті қалыптастыруға қажетті уақытпен және халықтың көп санын бір мезетте вакцинациялаудың мүмкін еместігімен шектелетін болады. Кейіннен вакцинацияның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұрақтарына жауап бере отырып, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп жұмыс істегеннен кейін дәрілік препараттардың бағасын 27%-ға төмендетуге қол жеткізілгенін айтты.
Сондай-ақ, «Халық денсаулығы туралы» Кодекске түзетулер енгізу, атап айтқанда, бөлшек сауда нарығындағы бағаларды реттеуді жою жоспарда бар. Министрдің айтуынша, осының арқасында бөлшек сегменттегі бағаны төмендету үшін қосымша негіз құруға болады.