Коронавирусты қайта жұқтырудың алғашқы жағдайы БҚО-да емес, Қарағандыда тіркелген - ДСМ

0
571

Батыс Қазақстан облысындағы жағдай тексеріледі.


Коронавирусты қайта жұқтырудың алғашқы жағдайы БҚО-да емес, Қарағандыда тіркелген - ДСМ

ERNUR.KZ. Бүгін БҚО-да коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелгені хабарланды. Алайда, Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният БҚО-дағы жағдай «қайта жұқтыру» фактісі бойынша есепке алынбайтынын түсіндірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Вице-министрдің айтуынша, коронавирусты қайта жұқтыру фактісі Қазақстанда алғаш болып Қарағанды облысында тіркелген.

«Коронавирусты қайта жұқтырған жандар бойынша кей елдерде бір-екі жағдай тіркелгені БАҚ-а айтылды. Батыс Қазақстандағы жағдайға келетін болсақ, Бірінші ол кісі ауырғанда эпидемиологиялық анамнезі - кімнен жұққаны, қайдан келгені белгісіз болды. Сондықтан бұл жағдайды комисиия мамандары қарап, қайтадан ауырды деген жағдайға қоспай отыр. Бірақ Қарағанды облысында қазір бір жағдай тіркеліп отыр. Бірінші жағдайда аурудың толық клиникалық картинасы болған. Барлық инструменталдық, лабораториялық анализбен дәлелденген. Қазан айында осындай жағдай тағы қайталанып, ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Біз оны қайтадан ауырған жағдай деп тіркеп отырмыз», - деді Ажар Ғиният.

Еске салайық, бүгін БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова өңірде коронавирусты қайта жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгенін хабарлады.