Қорықшы Әділ Кенжеғұлов «Айбын» орденімен марапатталды

0
1 152

Инспектор браконьерлерді ұстау кезінде қайтыс болған.


Қорықшы Әділ Кенжеғұлов «Айбын» орденімен марапатталды

Мемлекет басшысы Ә.Ш.Кенжеғұловты қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Айбын» орденімен марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)", - делінген Құжатта.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қайғылы оқиға Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 25 қазан күні түнде болған еді. Қашқан браконьердің соңына түскен инспектордың көлігі аударылып кеткен. Браконерьлер оқиға орнында ұсталды. Олардың көлігінен қару мен заңсыз атылған жабайы аңның ұшасы табылды.

Айта кетейік, Әділ Кенжеғұлов - жыл басынан бері табиғатты қорғауда мерт болған үшінші қорықшы.