Қошанов бастаған бір топ депутат Қытайда ресми сапармен жүр

0
369

Қазақстан депутаттары қытайлық әріптестерінің тәжірибесіне, соның ішінде, жасанды интеллект пен төтенше жағдайларға қарсы күрес саласындағы тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты.


Қошанов бастаған бір топ депутат Қытайда ресми сапармен жүр

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат Қытайға ресми сапармен барды, деп жазады zakon.kz.

Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуде тараптар парламентаралық диалогтан бастап екі ел арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастыққа дейінгі көптеген мәселені талқылады.

Қазақстан депутаттары қытайлық әріптестерінің тәжірибесіне, соның ішінде, жасанды интеллект пен төтенше жағдайларға қарсы күрес саласындағы тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты.

"Кейінгі жылдары Төраға Си Цзиньпин мен Президент Тоқаевтың стратегиялық басшылығының арқасында екіжақты қарым-қатынасымыз қарқынды дамып келеді. Қытай алдағы уақытта да Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдай береді. Қытай әрқашан Қазақстанның өз даму жолын, оның өркендеу мен тұрақтылыққа бағытталған сыртқы және ішкі саясатын қолдайды", - деді Чжао Лэцзи.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов Қытай Халық Республикасының Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен кездесті. Ол Қытай мен Қазақстанның өзара берік қолдауы екіжақты күн тәртібінен әлдеқашан шығып кеткенін ерекше атап өтті. Бұл халықаралық және өңірлік істерде айқын көрінеді.

Қытай тарапы Қазақстанның жаһандық ықпалының өсуін және оның халықаралық аренада дауыс беру құқығын арттыруды қалайды. Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Хань Чжэнмен кездесуде екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқыны атап өтілді. Сондай-ақ баламалы энергия, трансшекаралық электронды сауда, спутниктік телекоммуникация сынды жаңа салаларда байланыстарды тереңдету перспективалары талқыланды. Мәжіліс делегациясының ресми сапары ертең Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімші қаласында жалғасады.