Көше сыпырған мұғалімдер: Семей әкімінің орынбасары ондай тапсырма бермегенінін айтты

0
542

Әлеуметтік желілерде Семейде мұғалімдердің көше сыпырып жүргені қызу талқыға салынған болатын.


Көше сыпырған мұғалімдер: Семей әкімінің орынбасары ондай тапсырма бермегенінін айтты

ERNUR.KZ. Семей қаласы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков мұғалімдерді көше сыпыруға мәжбүрлемегенін мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Өткен демалыс күндері қала көшелерінде сенбілік өткен.

Шаһар әкімдігінің мәліметінше, бұл - саябақтарда, жаяу жүргіншілер жолы мен аулаларда тазалықты сақтауға бағытталған қоғамдық шара.

Сенбілікке мыңнан астам адам шыққан. Барлығы 15 көше тазаланды.

«Мұғалімдерді сенбілікке шығаруға ешкім нұсқау берген жоқ. Бұл - әр адамның жеке таңдауы. Сенбілік туралы хат меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарға жіберілді. Өйткені мұндай шараларды өткізу кезінде барлық жерде солай жасалады. Келуді міндеттейтін және бұл күні сабақ өткізбеу туралы сөз болған жоқ», - дейді қала әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін әлеуметтік желілерде Семейде мұғалімдердің көше сыпырып жүргені қызу талқыға салынған болатын.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аталған фактіге орай тексеру жүріп жатқанын мәлімдеген еді.