Қоспаевтың қылмыстық тобы ісі: Алматыдағы “Никольский“ базары шетелдіктерге сатылмақ болған

0
133

Қаржы мониторингі агенттігі сот үкімімен тәркіленетін, тыйым салынған мүлікті заңсыз сату дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.


Қоспаевтың қылмыстық тобы ісі: Алматыдағы “Никольский“ базары шетелдіктерге сатылмақ болған

фото: кадрдан

ERNUR.KZ. Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының тәркіленген мүлкін шетелдіктерге сату әрекеті әшкереленді, деп жазады tengrinews.kz.

Қаржы мониторингі агенттігі сот үкімімен тәркіленетін, тыйым салынған мүлікті заңсыз сату дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін агенттік "AV-Construction" ЖШС, "Стекольный завод" ЖШС, "Шалқар 17" ЖШС, "Бахар-А" ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік басып алу деректері бойынша Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты тергеуді аяқтаған болатын.

"Тәркілеу мақсатында құрылтайшысы Айдос Қоспаев саналатын "Nikolsky Investment" ЖШС-ға тиесілі Алматы қаласындағы "Никольский" базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлікке сот тыйым салған. Биыл қыркүйекте "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізу арқылы базарды шетелдіктерге сату мақсатында бөгде адамдарға қайта ресімдеп, шектеулер алынып тасталған", - деп жазылған агенттік хабарламасында.

5 қазанда құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға одан әрі сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта ресімделген.

Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды ұстады. Оларға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сндай-ақ, жалған құжаттар жасап, мүлікті иеліктен шығаруға ықпал еткен сыбайлас анықталды.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды.