Өрт кезінде күйік шалған және шұғыл ауруханаға жатқызылған 16 жасар жасөспірім зардап шекті.
ERNUR.KZ. Тайтөбе ауылында жеке үйде газ жарылып, өрт болған кезде зардап шеккен 16 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды, деп жазады Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, үйде шығып қалған газ ауа қоспасымен араласып жарылыс болған, сөйтіп өрт басталған.
ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткенде өрт үйдің шатырына жетіп алған.
"Өрттің ауданы 120 шаршы метрді құрады. Ақмола облысы мен Астана ТЖД қызметкерлерінің жедел және үйлесімді іс-қимылының арқасында өртті қысқа мерзімде жоюға және оның үлкен аумаққа таралуына жол берілмеді", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Өрт кезінде күйік шалған және шұғыл ауруханаға жатқызылған 16 жасар жасөспірім зардап шекті. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалайды.