​Қосшыда мектеп мұғалімдері төбелесті

0
228

Қос ұстаз арасындағы төбелес сәуірде болған, бірақ полицияға арыз 22 мамырда түскен.


​Қосшыда мектеп мұғалімдері төбелесті

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Қосшылық екі мұғалім мектепте төбелескен, қазір істі полиция қарап жатыр, деп жазады inform.kz.

Бұған дейін БАҚ-та тараған ақпаратқа сүйенсек, қос ұстаз арасындағы төбелес сәуірде болған, бірақ полицияға арыз 22 мамырда түскен. Айта кетерлігі, екеуі де полицияға шағымданған.

— 2025 жылғы 1 сәуірде Қосшы қаласының тұрғындары арасында болған жанжал фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 1-бөлігі (соққы беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданады, — деген хабар алдық Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.