Қостанай облысынан өзге мемлекеттерге азық-түліктің 20-дан астам түрі экспортталады

0
713

Соңғы кезде сүт және ет өнімдеріне деген сұраныс біршама артқан.


Қостанай облысынан өзге мемлекеттерге азық-түліктің 20-дан астам түрі экспортталады

ERNUR.KZ. Қостанай облысынан ТМД, Еуропа және Орталық Азия елдеріне азық-түліктің жиырмадан астам түрі экспортталады, деп жазады «Хабар 24».

Соңғы кезде сүт және ет өнімдеріне деген сұраныс біршама артқан. Бұл тауарлардың 98 проценті Ресейге тасымалданады. Көрші елдің тұтынушылары Қазақстанда жасалған экологиялық таза өнімді таңдайды екен. Мысалы, Қарабалық ауылындағы тұшпара цехы Ресей нарығын жоғары сапамен тамсандырып отыр. Жартылай фабрикаттарды шығаруда жасанды қоспалар пайдаланылмайды. Сәйкесінше өндіріс көлемі 40 процентке артқан.

– Біздің өнім табиғи. Ешқандай химиялық қоспалар пайдаланбаймыз. Тауарларымызды Екатеринбург қаласындағы зауытқа ұсынған едік. Олар бірден келісіп, мол көлемге тапсырыс жасады. Ресей нарығы бізге үлкен мүмкіндіктер береді, - дейді кәсіпкер Геннадий Кригер.