Қостанай облысында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

0
805

Қайғылы оқиға Жітіқара қаласында болған.


Қостанай облысында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

ERNUR.KZ. Қостанай облысында жасөспірім суға батып көз жұмды, деп жазады Azattyq Ruhy.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, қайғылы оқиға 1 шілдеде Жітіқара қаласында болған.

«16 жастағы қала тұрғыны Шортанды өзеніне батып кетті. Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері оның денесін сағат 13:10-да шығарды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Белгілі болғандай, ол жабдықталмаған жерде суға түскен.