Қостанай облысында 70 адам қар құрсауынан шығарылды

0
809

Жалпы 7 сәуір күні облыста 106 жол-көлік оқиғасы тіркелген.


Қостанай облысында 70 адам қар құрсауынан шығарылды

ERNUR.KZ. Қостанайлық полицейлер басқа да мүдделі қызметтермен бірлесіп, Қостанай-Рудный автожолында 70-тен астам азаматты қар құрсауынан шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.

Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай облысының кей жолдарында қозғалыс шектелген.

«102» пультіне Қостанай-Рудный автожолында бір топ адамның қар құрсауында қалғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына автопатруль мен арнайы техника жіберілді. Рудный қаласына әуелі балалар, әйелдер, зейнеткерлер және мүгедектігі бар адамдар жеткізілді. Қалаға келген соң барлығына ыстық шай берілді. Азаматтар полицейлерге көрсеткен көмектері үшін алғыстарын білдірді», - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай.

Жалпы 7 сәуір күні облыста 106 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның 48-і облыс орталығында болды.

Айта кетейік, кеше ауа райының күрт құбылуына байланысты Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларында коммуналдық қызметтер тоқтады.