​Қостанай облысында ауруханалардың саны қысқарады

0
1 264

Диспансерлердің саны 40-тан 23-ке дейін қысқарады.


​Қостанай облысында ауруханалардың саны қысқарады

ERNUR.KZ. Қостанай облысында жыл аяғына дейін аурухана, диспансерлердің саны 40-тан 23-ке дейін қысқарады, деп жазады 24.kz.

Бұл – денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту жоспары аясында жасалып жатқан шаралар. Медициналық ұйымдарды оңтайландыру, біріктіру жұмыстары негізінен Қостанай, Арқалық және Рудный қалаларын қамтып отыр. Мысалы, Арқалықтағы перзентхана қалалық ауруханаға қосылады. Ал жергілікті түберкулезге қарсы және психоневрологиялық диспансерлер бөлімшеге айналып, облыстық диспансердің қарауына өтеді. Осындай оңтайландырудың арқасында облыс бойынша 75 миллион тенге бюджет қаржысы үнемделеді.

«Ал медициналық қызмет көрсету сапасына бұл өзгерістердің еш әсері болмайды», – дейді сала мамандары.

Нұрлан Ержанов, Арқалық қаласындағы аймақтық аурухананың бас дәрігері:

– Аманкелді, Жанкелдин аудандарын, Ақмола, Қарағанды облыстарының іргедегі елді мекендерін қоса есептегенде, шамамен 45 мың адамға медициналық қызмет көрсетеміз. Қазіргі мүмкіндігіміз оған толық жетеді. Оңтайландыру нәтижесінде әкімшілік-шаруашылық бөлігі қысқарғанымен, дәрігерлердің лауазымдық міндеті мен жалақысына еш әсер етпейді.