Қостанай облысында ер адам полицияның құлағын тістеп алды

0
537

Оқиға Қостанай облысы Әулиекөл ауылында болған.


Қостанай облысында ер адам полицияның құлағын тістеп алды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында карантин талабын бұзған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға Қостанай облысы Әулиекөл ауылында болған. ВАЗ 2110 көлігінің жүргізушісін ұстау кезінде ондағы жолаушы тәртіп сақшысына қарсылық көрсеткен. Тіпті, полицейдің құлағын тістеп, оның бір бөлігін жұлып алған.


"Қазіргі таңда бұл факт негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 380 бабы бойынша сотқа дейін тергеу басталды", - делінген Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жыл басынан бері өңірде полицияға қарсылық көрсетудің 9 дерегі, билік өкіліне тіл тигізудің 45 дерегі тіркелген.