46 жастағы әйел ұлын ұрған азаматқа шабуыл жасаған.
ERNUR.KZ. Қостанай облысында әйел ер адамды пышақтап тастады. Зардап шеккен азамат бұған дейін әйелдің ұлын ұрған, деп жазады Stan.kz.
Қарасу ауданы Железнодорожное ауылының 30 жастағы тұрғынын пышақпен жарақаттау дерегі бойынша аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталған.
Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша 46 жастағы әйел мас күйде бұрын ұлын ұрған азаматқа шабуыл жасаған. Ер адам пышақ жарақаттарымен Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілген.