Қостанай облысында өрттен 5 бала көз жұмды

0
362

2011 жылы туған тұңғыш бала ғана аман, зардап шекпеген.


Қостанай облысында өрттен 5 бала көз жұмды

Sputnik / Алексей Петров

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 5 бала көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 04.29-да болған. 7 минут ішінде құтқарушылар келіп жеткенше, үй толығымен отқа оранып, шатыры опрылып түскен.
Өрт сөндірушілер тез арада өртті сөндіріп, үйінділерді тазартуға кірісті. Сағат 06:08-де өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.
"Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған кәмелетке толмаған балалар болған. Өкінішке қарай, үйінділерді тазарту барысында бес баланың өлі денесі табылды. Балалардың үлкені, 2011 жылы туған бала ғана аман, зардап шекпеген", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр.
Қазір оқиғаның себептері анықталуда. Өрт-техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлық қажетті көмек, соның ішінде материалдық көмек те беріліп жатыр.