Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты: бетпе-бет соқтығысқан екі көліктің жүргізушілері қаза тапты

0
131

Қарсы жолаққа шыққан жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, екі адам оқиға орнында көз жұмды.


Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты: бетпе-бет соқтығысқан екі көліктің жүргізушілері қаза тапты

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қостанай облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Бейімбет Майлин ауданындағы Валерьяновка ауылының маңында, Қостанай – Қарабұтақ автожолында болған. Chery Cowin және Mazda 626 автокөліктері соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, Chery Cowin жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Mazda 626 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Chery Cowin жүргізушісі мен оның жолаушыларының бірі оқиға орнында көз жұмды. Chery көлігіндегі тағы үш жолаушы мен Mazda 626 жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов.

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.