Қостанай облысында жол апатынан кәмелетке толмаған үш бала көз жұмды

0
348

Көз жұмған балалардың екеуі 14 жаста және біреуі 17 жаста.


Қостанай облысында жол апатынан кәмелетке толмаған үш бала көз жұмды

ERNUR.KZ. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 маусымда «Қостанай-Қарабұтақ» автожолында Renfult-Sandera көлігінің 36 жастағы жүргізушісі, жүк көлігін басып озған кезде Lexus қарсы автокөлігімен соқтығысқан, деп жазады baq.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renfult-Sandera автокөлігінде отырған кәмелетке толмаған үш жолаушы, екеуі 14 жаста және біреуі 17 жаста көз жұмды.

Осы көлік құралының жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушысы дене жарақатын алды.